Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде көп мөлшерде мұнай тасымалдаған танкер теңіз минасына соғылып, бортта жарылыс болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

РБК дерегінше, Иранның Tasnim агенттігі Ислам революциясының сақшылар корпусы (КСИР) Әскери-теңіз күштері баспасөз қызметінің танкердің минаға соғылуы туралы ақпаратын жариялады. Бортта 750 мың баррель шикі мұнай болған танкер ирандық әскерилердің ескертулеріне қарамастан, рұқсат етілмеген бағытпен өтуге әрекеттенген.

Айта кетейік, бұл танкер 11 қазанда Ормуз бұғазында теңіз минасына соғылған үшінші кеме болды.

IRNA агенттігінің қосымшалауынша, теңіз минасының жарылуы салдарынан супертанкердің борттында жарылыс болып, машина бөлімінде өрт шыққан.

КСИР нақтылауынша, Ормуз бұғазының акваториясынан шығуға әрекеттенген танкер борттық автоматты сәйкестендіру жүйелерін (АИС) және навигациялық датчиктерін толық өшіріп, халықаралық кеме қатынасы ережелерін өрескел бұзған және келісілген қауіпсіз дәлізден ауытқып, өтуге жабық аймаққа кірген. Осыған байланысты иран тарапы қатаң ескерту жасап, бұғаз маңындағы навигациялық деректерін жасырған кез келген кеме автоматты түрде жау кемесі ретінде танылып, оған толық ықпал ету шаралары қолданылатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Иранмен қақтығыс жақын арада реттелетінін, өйткені ел АҚШ үшін енді ядролық қауіп төндірмейтінін айтқан болатын.