Америкалық таблоидтер рэпер P. Diddy (Шон Комбс) түрмеден ауруханаға не себепті жеткізілгенін анықтады: ол ямайлық наркобаронмен төбелескен, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

TMZ басылымының жазуынша, рэпер «Дудус» лақап атымен танымал Кристофер Коук есімді тұтқынмен жанжалдасқан. Бұл адам Ямайканың қылмыстық әлеміндегі ықпалды өкілдердің бірі саналады және 2012 жылдан бері 23 жылдық мерзімін өтеп жатыр.

Төбелес өткен жұма, 9 қазанда болған. Коук пен басқа да тұтқындар Комбстың кесірінен түрме әкімшілігі тексеруді күшейтіп, кейбіреулерінің ұялы телефондарын тәркілегеніне наразы болған.

Тінтуге NBC News-тің рэпердің ұстау жағдайы туралы материалы себеп болған. Онда P. Diddy-дің тордың арғы жағындағы артықшылықтары, соның ішінде массаж бен жалаңаш әйелдердің суреттері туралы айтылған. Жарияланымнан кейін әкімшілік кемінде екі тінту жүргізген.

TMZ дереккөздерінің мәліметінше, төбелесте Комбс басынан ауыр жарақат алып, оған медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін екі тұтқын да екі аптаға оқшаулау камерасына қамалған. Алайда Комбс онда бұрыннан отырған, ал төбелес күнделікті серуендеу кезінде болған.

Бұған дейін «Курсив» артистің адвокаттары орасан зор қарызынан кейін онымен жала жабу ісі бойынша жұмыс істеуден бас тартқанын жазған. P. Diddy оларға 100 млн доллардан астам қарыз.