Павлодарда сот жұмысшының өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін моральдық зиянды өндіру туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қойған талап арызын қарады: талаптар ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Павлодар облысы соттарының ресми Telegram-арнасында мәлім болғандай, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмысшының өндірістік жарақатқа байланысты 10 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру туралы ЖШС-ге қойған талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сот анықтағандай, жұмысшы еңбек міндеттерін атқару кезінде оң аяғынан ауыр жарақат алып, соның салдарынан бірінші саусағын ампутациялауға тура келді.
Комиссия жазатайым оқиғада жұмыс берушінің кінәсін 100 пайыз деп белгіледі.
Бірінші сатыдағы сот ЖШС-ден 4 млн теңге моральдық зиян және өкілге жұмсалған 500 мың теңге шығысты өндіріп алды.
Тараптардың апелляциялық шағымдарын қарап, сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісіп, өтемақы мөлшерін негізді және әділ деп таныды.
Сот шешімі өзгеріссіз, тараптардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.


