Павлодарда жергілікті тұрғын 2026 жылдың маусымынан бері жадынан айырылып отыр. Бұған спирттік ішімдік ішіп, бейтаныс еркекпен болған жанжал себеп болған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қылмыстық іс қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қаралды. Бейтаныс еркектер бірге ішуге бел буды. Кейін анықталғандай, олардың бірі шизофрениямен ауырады.

Туындаған жанжал барысында ол қарсыласының бетіне бір соққы жасап, кейін басына аяғымен тағы бірнеше рет тепті.

«Жәбірленуші сотқа айыпталушымен арасында алкоголь ішу кезінде ауызша жанжал туындағанын, содан кейін айыпталушы оның басына жұдырықпен соққы жасағанын, ол жерге құлағанын, одан кейін оған басына аяғымен бірнеше рет тепкенін, барлығы қолымен және аяғымен 3-4 соққы жасағанын көрсетті. Есінен танып қалған. Ауруханадан шыққаннан кейін жарақат салдарынан жадынан айырылып отыр, қазіргі таңда естеліктері қайта бастады», — делінген Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысында.

Сот кінәнің дәлелденгенін анықтады, алайда үкім емес, қаулы шығарды. Бұған сотталушының диагнозы және оның қылмыс жасаған сәтте өз әрекеттеріне есеп бере алмағаны себеп болды. Нәтижесінде ер адамға психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.