Петропавлда арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) қызметкері алаяқтарға үш миллион теңгенің кетуін болдырмады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға қаладағы сауда үйлерінің біріндегі банкоматтардың жанында болған. Полиция аға лейтенанты Еркебулан Курбаниязов үздіксіз телефонмен сөйлесіп тұрған, қолында ақша бумалары көрініп тұрған жасыл пакеті бар алаңдаулы ер адамды байқаған.

Полицей қызметтік куәлігін көрсетіп, қала тұрғынын онымен алаяқтар сөйлесіп жатқан болуы мүмкін екендігі туралы ескерткен. Алайда ер адам оны тыңдағысы келмеген. Ведомствоның атап өтуінше, алаяқтар әрдайым өз құрбандарына нұсқау беріп отырады: «Егер біреу сізді тоқтатпақ болса — сенбеңіз: ол сіздің атыңызға кредит рәсімдегісі келетін қылмыскерлердің өзі».

СОБР қызметкерінің табандылығының арқасында ғана ер адамды сендіріп, зиян келтіруден құтылуға мүмкіндік туды.

Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны, слесарь болып жұмыс істейтін ер адам, алдау схемасын айтып берді. Алдымен оған телефон соғылған. Механикалық дауыс электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) мерзімі аяқталып қалғандай, оны ұзарту үшін 1 цифрын басу керектігін хабарлаған. Кейін банктен деген сылтаумен қоңырау түскен: «Неге цифрды бастыңыз? Енді сізге кредит рәсімделіп жатыр». Ер адамға «айналық» кредит алып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» салу қажеттігі айтылған.

Алаяқтарға үш миллион теңгенің жіберілуін соңғы минутта-ақ болдырмау мүмкін болды.