Польша мектебінде тағы да пышақпен шабуыл жасалды: оқу орнының 37 жастағы қызметкері қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қайғылы оқиға 8 қазан күні таңертең Мазовец воеводствосындағы Лещидул-Новины елді мекеніндегі мектептердің бірінде болды. РИА Новости Polsat телеарнасының жарияланымына сілтеме жасап хабарлағандай, оқушы мектептің тазалаушысына пышақпен шабуыл жасаған.
«Лещидул-Новины елді мекеніндегі (Мазовец воеводствосы) мектепте оқушы тазалаушыға пышақпен шабуыл жасады. Оқиға бейсенбі күні таңертең болды», — делінген хабарламада.
Оқиға орнына дереу полиция жетті. Салдарынан үш адам зардап шекті, олардың қатарында мектеп директоры мен тазалаушы бар. Зардап шеккендердің бірі қаза тапты.
«Реанимациялық шараларға қарамастан, 37 жастағы мектеп қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деп жазылған жарияланымда.
Бұған дейін Польшаның Остроленка оқу орнында пышақпен шабуылдан жеті адам зардап шеккені хабарланған. Жарақат алғандардың арасында оқушылар мен мұғалім әйел болды.


