17 қарашада таңертең Прагада Сейфертова көшесінің үстіндегі теміржол көпірінде, Булхар қиылысы мен бас вокзалдың маңында екі жолаушы пойызы соқтығысты. Алдын ала деректер бойынша, 15-ке жуық адам жарақат алды, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға туралы Чехия полициясы X әлеуметтік желісінде мәлімдеді. «Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала деректер бойынша, 15-ке жуық адам жарақат алды», — делінген ведомство хабарламасында.

РБК тасымалдаушы České dráhy жарияланымының аудармасына сілтеме жасай отырып, Миловицеге бара жатқан Os 9409 электр пойызы мен Млада-Болеславтан келе жатқан Os 9507 дизель пойызы соқтығысқанын нақтылайды.

Апаттан кейін Прага бас вокзалынан Высочаны, Либень және Голешовице бағыттарына пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Соқтығысу себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін Испанияда пойыздар соқтығысып, салдарынан 60-тан астам адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін Испания көлік министрі отставкаға кететінін мәлімдеді.