Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен өткен үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Ресей көшбасшысы болған кездесуді пайдалы деп атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Бұрын мұндай кездесулер болмаған, міне, ол өтті. Бұл, сөзсіз, дипломатия тарихындағы бір бет. Еркін пікірталасты ешкім күтпеген шығар, бірақ Си Цзиньпин оған жағдай жасай алды», — деді ол.

Путин сондай-ақ Қытай мен АҚШ көшбасшыларымен үшжақты кездесулердің жалғасын тапқанын қалайтынын мәлімдеді. «Әрі қарай не боларын тек Құдай біледі, бірақ өзара түсіністік болғанын қалар едім», — деп келтіреді Ресей президентінің сөзін «Известия».

Кремльдің Telegram-арнасының хабарлауынша, кездесу барысында Украинадағы соғысты реттеу мәселесі де көтерілген. «Бұған менің күмәнім жоқ: Президент Трамп қақтығыстарды, соның ішінде украин қақтығысын да шешуге шын ниетімен ұмтылып отыр және бірқатар бағыт бойынша екіжақты қатынастарды реттеуге шын ниетімен ұмтылып отыр, әрине, біз үшін америка-ресей бағыты да маңызды», — деді Владимир Путин.

РБК хабарлауынша, Ресей көшбасшысы кездесу барысында Халықаралық қылмыстық соттың қызметі де талқыланғанын айтты. Оның пікірінше, бұл сот «өз өкілеттігінің шеңберінен шығып, құқықтық емес, саяси шешімдер қабылдайды». «Халықаралық қылмыстық сот сияқты жекелеген ұйымдардың қызметіне қатысты кейбір мәселелер туралы сөйлестік, олар өз құзыретінің шеңберінен анық шығып, заңдық, құқықтық емес, саяси шешімдер қабылдайды», — деді Путин.

«Известия» хабарлауынша, Путин халықаралық аренада болып жатқанды жай ғана бақыламай, жаңалық жасауға тиіс саясаткерлер туралы да пікір білдірген.

Сонымен қатар, Ресей көшбасшысының айтуынша, үшжақты кездесу барысында жасанды интеллекттің таралуы әкелуі мүмкін қауіптерге қатысты мәселе де көтерілген.