23 қазан күні сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін Қазақстанда тұрғын үй құжаттарын рәсімдеуге қатысты бірқатар қызметке қолжетімділік шектеледі: Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінде және Жария кадастрлық картада техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алдағы шектеулер туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өзінің Telegram-арнасында ескертті. Оның дерегінше, аталған кезеңде жер кадастры, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бойынша мемлекеттік қызметтерге өтініштер қабылдауға қолжетімділік болмайды.
«Осы кезеңде жер кадастры, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бойынша мемлекеттік қызметтерге өтініштер қабылдауға қолжетімділік болмайды. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алуға болады», — делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.
Уақытша шектеулердің себебі — Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының QazTRF-23 жүйесіне көшуі. Бұл — цифрлық карталар мен кеңістіктік деректерді заманауи, ашық спутниктік навигациялық жүйелерді қолдану арқылы пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік координаттар жүйесі екені нақтыланды.


