Синоптиктер 24–26 қазан аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын соғады деп күтілуде, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Мамандардың дерегінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында 24 қазанда шығыс өңірде, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын, көбінесе қар түрінде болады.
Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр, күндіз найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. 24 қазанда еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты қар мен бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман түседі, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады. Түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -1-ден -8 градусқа дейін үсік жүреді.
Ауа температурасы: батыста күндіз негізгі фон +11…+18 градус; солтүстікте түнде -4…-10 градустан 0…+5 градусқа дейін көтеріледі, күндіз +2…+7 градустан +6…+11 градусқа дейін аздап ауытқиды; орталықта түнде -2…-10 градус, күндіз біртіндеп +5…+12 градусқа дейін жоғарылайды; шығыста негізгі фон түнде -5…-10 градус, облыстың таулы аудандарында -13…-18 градус; оңтүстікте күндіз негізгі фон +8…+15 градус; оңтүстік-шығыста күндіз +6…+12 градусқа дейін, таулы аудандарда -1…-6 градус.


