Қазақстандық киберспортшы Данил «molodoy» Голубенко бразилиялық FURIA командасының сапында Гонконгте өткен CS2 бойынша BLAST Rivals Fall 2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Финалға дейінгі жолда FURIA қарсыластарына бір ғана карта беріп, ешбір серияда ұтылмады. Шешуші кездесуде бразилиялық ұжым Ресей, Украина және Беларусь киберспортшыларынан құралған Team Spirit командасын 3:0 есебімен жеңді. Ancient картасында 13:11, Dust2-де 13:5, ал Mirage-те 13:8 есебі тіркелді.

Голубенко 1,3 рейтинг жинап, финалда нәтижелілік бойынша екінші орынға шықты.

Бұл — FURIA үшін қазан айының ортасынан бергі үшінші титул. Бұған дейін команда Бухаресттегі PGL Masters және Мальтадағы Thunderpick World Championship турнирлерінде жеңіске жеткен болатын.

BLAST Rivals Fall турниріндегі жеңіс бразилиялық ұжымға 250 мың доллар жүлде әкелді (қазіргі бағам бойынша 111 миллион теңгеден астам) — оның 125 мыңы киберспортшыларға, соншасы клубқа тиесілі.