Қостанай облысының Құсмұрын кентінде бес жасар баланың өлтірілуі тергеліп жатыр. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, ал облыс прокуратурасы тергеу барысын өз бақылауына алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

КТК телеарнасының сайты хабарлағандай, қайғылы оқиға Құсмұрын кентінде болған. Бала басы мен денесінен ауыр жарақат алған, шақыртуға келген жедел жәрдем тек өлімін тіркеген.

Алғашында жазатайым оқиға деген нұсқа қарастырылғаны, алайда мәйітті тексергеннен кейін балаға қатыгездік жасалғаны белгілі болғаны атап өтіледі.

Қазіргі таңда қаза тапқан баланың туған әкесі мен өгей шешесімен бірге тұрғаны, олардың тағы бірнеше баласы бар екені анықталды. Бала отбасында бар болғаны жарты жыл болған. Оған дейін ол әжесінің тәрбиесінде болып, Астанада тұрған. Әйелдің баланы әкесіне бергісі келмегені хабарланады. Сондай-ақ баланың туған анасы ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды.

«Әкесі баланың тұрғылықты жерін белгілеуді шешіп, оны өзіне алып кетті. Отбасы көпбалалы, тұтастай алғанда берекелі саналды. Бұған дейін бұл отбасына келіп, тексеру жүргізуге, былайша айтқанда, ешқандай себеп болмаған. Бірақ біз барлық мән-жайды әлі де тексеріп жатырмыз», — деді Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Несібелі Басенова.

Бұған дейін Қостанай облысында бес жасар баланың өлтірілгені хабарланған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.