Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі бүгін Грозныйда Грозный теміржол станциясына Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровтың есімін беруге арналған салтанатты шара барысында өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Теміржол көлігін дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін „Ресей темір жолдары“ ААҚ-ның „Құрметті теміржолшысы“ белгісімен Шешен Республикасының басшысы Рамзан Ахматович Қадыров марапатталады», — деп оқыды шараның жүргізушісі.

Айта кетейік, өткен аптада Рамзан Қадыров Ресей мұсылмандарының рухани жиналысының жоғары орденімен — Ресейдің тұңғыш мүфтиі Мұхамеджан Хұсайынов атындағы I дәрежелі орденмен марапатталған болатын.

Сондай-ақ жақында шешен көшбасшысы Ресей армиясының генералы атағын және қызыл берет алды. Ал қыркүйекте Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында жеңіске жетті. Ол бұл қызметте 2007 жылдан бері отырғаны, яғни Ресей өңірлерінің басқа басшыларынан ұзақ уақыт қызмет атқарып келе жатқаны хабарланған.