Қазақстанда ресейлік рэпер Navai-дің қамауға алынғаны расталды: сот оны екі айға қамауға санкция берді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан мәліметті Жамбыл облысы полиция департаменті растады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13 қазанда «Қордай» шекара бекетінде Қазақстанға кіре берісте полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, Navai деген сахналық лақап атымен танымал шетелдік азаматты ұстаған.

«Ол мінген көлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді», — деп түсіндірді Жамбыл облысы полиция департаментінде.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің контрабанда мен есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

«Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Navai жанкүйерлері Астанада жоспарланған концертке бара алмайтыны белгілі болды. Ұйымдастырушылар 14 қазан кешке өтуі тиіс концерттің тоқтатылғанын хабарлады.

Сол күні Жамбыл облысы полиция департаменті Navai есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алайда рэпердің директоры Рауф Гусанов әртісгің ұсталуына қатысты пікір білдіруден бас тартты, ал оның анасы жағдайды «қойылым» деп атап, ұлының жақын арада босатылатынына сенім білдірді.

Осы аяда Қырғызстанда тексеру басталды. Шекара қызметі музыканттың есірткімен шекарадан қалай өткенін анықтап жатыр, кінәлілер жауапқа тартылуы мүмкін.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Navai екі айға қамалғаны туралы ақпарат пайда болды.