Модель Анастасия Решетова ұлының туған күніне орай перзентханадан архивтік кадрлар жариялады. Ол ана болудың өміріндегі ең үздік оқиға болғанын атап өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Анастасия Решетова мен рэпер Тиматидің ұлы 16 қазанда 7 жасқа толды. Мереке құрметіне модель жүрек тебірентерлік бейнежазба бөлісті.
«Бүгін Ратмир 7 жасқа толды. Ұлымның дүниеге келуі — менің басымнан өткен ең жақсы оқиға. Бұл — іштегі алғашқы дүрсілден басталған махаббат. Саған өмірде батыл қадам басу үшін жеткілікті білім мен күш-қуат тілеймін. Алда үлкен әрі қызықты жол күтіп тұр. Мен әрқашан жаныңдамын. P. S. Бүгін оқудан кейін оған осы бейнежазба мен құттықтауды көрсетемін», — деп жазды Анастасия.
Пайдаланушылар жарияланымға жылы лебіздерін білдірді: «Қандай тәтті бала! Туған күніңмен! Денсаулығың мықты болсын, бәрі жақсы болсын», «7 жасқа толды! Туған күніңмен. Ратик, сен керемет баласың!», «Бүгінгі ең әсерлі бейнежазба».
Бұған дейін Анастасия Решетова екінші рет жүкті екенін жариялап, болашақ баланың әкесі туралы қауесеттерді жоққа шығарған еді.


