Әнші Рианна өзінің Savage X Fenty іш киім брендінің мерекелік топтамасын жарнамалау үшін ашық фотосессия жасады. Суреттер марканың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Түсірілімге 38 жастағы әртіс қара кружевь мен қызыл гүлді аппликациясы бар мөлдір боди таңдады. Бейнені шұлық пен биік өкшелі, үшкір мұрынды вельветті туфли толықтырды.
Фотосессия сыйлық қораптары мен атлас ленталармен безендірілген үш жаңажылдық шыршаның фонында ұйымдастырылды.
Суреттер бренд жазылушыларының белсенді реакциясын тудырды. Пікірлерде қолданушылар әнші мен оның жарнамалық науқанына тәнті болды. «Рождествода қалайтыным — Рианна сатып жатқан нәрсе», «Қуантуды жалғастыратын сыйлық», «Ханым», — деп жазды жанкүйерлер.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде әлемдік поп-музыка жұлдызы, барбадостық әнші Рианна мен оның жүрегінің қалаулысы, рэпер A$AP Rocky үшінші рет ата-ана атанды.
IMDb дерегінше, Рианна 1988 жылы 20 ақпанда Бриджтаунда дүниеге келген. Оның анасы — афро-гайандық, әкесі — афро-барбадостық және Британ аралдарынан шыққан.
Болашақ жұлдыз сұлулық байқауларында бірнеше рет жеңіске жетіп, мектептің таланттар шоуында Мэрайя Кэридің Hero синглін орындаған. Оның өмірі Нью-Йорктен Барбадоска әйелімен демалысқа келген продюсер Эван Роджерспен таныстырған құрбысының арқасында түбегейлі өзгерді.
Ол Рианнаны сол кезде Def Jam Records компаниясының бас директоры болған рэпер Jay-Z-мен таныстырды. Ол жас әртісті тыңдап, оның әлемдік деңгейдегі жұлдыз бола алатынын түсінді.
Рианна Def Jam-ға қол қойылғанда небәрі 16 жаста еді. Содан бері ол феноменалды табысқа қол жеткізді.


