Рим папасы Лев XIV қатерлі ісік анықталған соң өкпесіне хирургиялық араласу жасатты. Понтификтің оң өкпесінің бір бөлігі алынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қасиетті тақтың баспасөз қызметі дәрігер Луиджи Карбоне мен профессор Стефано Маргаритораның жасалған ота туралы мәлімдемесін жариялады. Олардың дерегінше, хирургтер понтификтің оң өкпесінің төменгі бөлігін алып тастаған.

«Зақымдалған тіндерді түбегейлі алып тастауды қамтамасыз ету үшін оң өкпенің төменгі бөлігі бейнехирургиялық әдіспен алынды», — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар тіндерді зерттеу дәрігерлердің алдын ала тексерулер негізінде болжаған диагнозын растағаны атап өтілді.

«Ота барысында жасалған гистологиялық зерттеу өкпенің аденокарциномасы деген диагнозды растады, бұл отаалды тексерулердің нәтижелері бойынша болжанған еді», — деді дәрігерлер.

Ота 90 минутқа созылды, ал папаның өзі операция бөлмесінде шамамен үш сағат болды.

Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық араласу сәтті өтті, асқынулар туындаған жоқ — католик шіркеуінің басшысы есін жиды, кейін палатасына қайтарылды.

Бұған дейін Рим папасының өкпесіне ота жасауға дайындалып жатқаны хабарланған еді.