Блогер Оксана Самойловаға Ресейде жаңа бизнес ашуға тыйым салынды: шектеу 2029 жылдың қыркүйегіне дейін күшінде болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ агенттігінің «Известия»-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Самойловаға қатысты шектеу 2026 жылдың 24 қыркүйегінен бастап қолданыста. Оған оның «Семми бьюти» ЖШҚ-сы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде (ЕГРЮЛ) көрсеткен жалған мекенжайы туралы жазба себеп болған.
Бұл фирмадан бөлек, блогердің киім бөлшек саудасымен айналысатын тағы екі компаниясы бар.
Заңнамаға сәйкес салық қызметі бұған дейін компанияны басқарған немесе оған иелік еткен, ал ЕГРЮЛ-ге мәліметтердің жалғандығы туралы жазба енгізілген иесіне немесе басшысына жаңа бизнесті тіркеуден бас тартуға құқылы.
Істің бөлек желісі отбасылық жанжалға қатысты. Самойлованың адвокаты Ирина Кузнецова 2 қарашада блогер бұрынғы күйеуін ата-ана құқығынан айыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Адвокат Марина Дубровскаяның айтуынша, Самойлова рэпер Джиганды алты айға ата-ана құқығынан шектеуді және сот шешімі шыққанға дейін балалардың тұрғылықты жерін анасымен бірге айқындауды сұрап отыр. Талап арыз бойынша істі қарау 18 желтоқсанға белгіленген.
Еске салайық, биыл көктемде Джиган мен Оксана Самойлова 13 жыл некеден кейін ажырасты. Ал жақында рэпер Джиганның адамдарды кепілге алып, өз үйінде оқ жаудырғаны белгілі болды. Алайда оның адвокаты Сергей Жорин атыс және кепілге алу туралы айыптаулардың жалған екенін мәлімдеді. Жанжалдан кейін Оксана Самойлова Джиганды ата-ана құқығынан шектеуді талап етіп, сотқа арыз берді.


