Шымкентте бұрын жеті бала тәрбиелеп отырған 36 жастағы әйел үшем — екі қыз бен бір ұл тапты. Бұған дейін ол екі рет егіз тапқанын КТК телеарнасының сайты хабарлады, деп жазады infohub.kz.

Нәрестелер салмағы аз болып дүниеге келді, дәрігерлер оларды күтіп-баптады. Қазір балалар қуаттанып алды. Оларға Альсия, Сафия және Аймұхаммед деген есім берілді. Үшемді перзентханадан алып шығуға олардың барлық аға-апалары келді.

Бұған дейін әйел екі рет егіз, тағы үш рет бір-бір баладан тапқан. Қазір отбасында 10 бала бар, ал анаға «Алтын алқа» белгісі табысталды.

«Шынымды айтсам, үшем табамын деп ойламаппын. УДЗ-де өзім көріп, естігенде таңғалдым: қуандым да, жыладым да. Он баланың ата-анасы атану бақыты бізге бұйырғанына Аллаға шүкір. Үшеуі мүлдем бөлек, ажырату оңай. Жалпы бір-біріне ұқсамайды», — дейді көпбалалы ана Ажар Ташқараева.