78 жастағы голливуд актері Сильвестр Сталлоне үлкен қызы Софияның тойына кететін шығынға байланысты зейнетке шыға алмайтынын мойындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жұлдыз өзінің қаржылық жоспарлары туралы Live with Kelly and Mark таңғы телешоуының эфирінде әзілдеді. Жүргізуші Келли Рипа алдағы тойдың қаншаға түсетінін сұрағанда, 78 жастағы актер күліп, жұмысын жалғастыруға тура келетінін айтты.
Сталлоне бұл сөздері студиядағы көрермендердің күлкісін тудырғанымен, ол мүлдем байыпты айтып отырғанын атап өтті.
Актердің үлкен қызы, 28 жастағы София Сталлоне тамыз айында сүйіктісі Майкл Шиханмен атастырылған. Сталлоне қызының таңдаулысы одан некеге рұқсат сұрағанын және оған ерекше әсер қалдырғанын айтты.
Сталлоне жұбайы Дженнифер Флавинмен бірге үш қызын — София, Систин және Скарлетті тәрбиелеп отыр. Актер әйелінің эмоцияларын тежеуге үнемі көмектесетінін және мереке туралы отбасылық талқылауларда бітімгер рөлін атқаратынын мойындады. Голливуд жұлдызының айтуынша, оны София қызымен ерекше жылы қарым-қатынас байланыстырады, сондықтан ол қызының бақыты үшін кез келген шығынға дайын.


