Стамбулдағы Сарыер ауданының Үскүмрүкей шағын ауданында еркін жүрген арыстанды бейнебақылау камералары түсіріп қалды. Жексенбі күні кештен бері полиция табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп оны ұстауға тырысып бағуда, алайда әзірге нәтиже жоқ — іздеу жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жарияланымда атап өтілгендей, «арыстанға ұқсайтын жануар бейнебақылау камераларының жазбаларынан көрінген соң, билік бұл ауданға полиция бөлімшелерін жіберіп, қауіпсіздік шараларын күшейтті».
Басылым дерегінше, іздеу тобы жануарды тек бір рет қана байқаған. Мамандар арыстанды дротикпен ұйықтатуға әрекет жасады, бірақ бұл әрекеттер нәтижесіз болды.
Сонымен қатар жылу бейнелеу камералары арыстанның жылу ізін тіркеген, алайда түн ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны көзден таса қылды.
Дүйсенбі күні түске дейін жануардың ұсталғаны туралы ешбір хабар түскен жоқ. Орман алқабында арыстанды іздеу жұмыстары жалғасуда.


