Кино мен теледидардағы рөлдерімен танымал американдық актер Стейси Кич 85 жасында өмірден өтті. Соңғы жылдары ол түсірілімге де, театр сахнасына да шығып жүрген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Жаңа Майк Хаммер» сериалында басты рөлді сомдаған және «Жирный город» фильміне түскен Кич сейсенбіде, 10 қарашада, Польшада көз жұмды. Марқұмның жұбайының айтуынша, актер Магдаленка қаласындағы отбасылық үйде жүрек ауруы мен жүрек жеткіліксіздігіне ұзақ уақыт қарсы күресіп, өмірден өткен.
«Стейси бүкіл әлем көрермені сүйіп, тәнті болған аңыз актер ғана емес, менің сүйікті жолдасым, өмірлік серігім және отбасымыздың жүрегі еді», — делінген жұбайының мәлімдемесінде.
Өз мансабында Кич ондаған фильм мен сериалға түсті. Олардың қатарында «Борн ультиматумы», «Небраска», «Екі жарым адам», «Рэй Донован», «Голубая кровь» және «Симпсондар» бар. Оның соңғы жұмысы — Джордж Клуни түскен 2025 жылғы «Джей Келли» фильмі.
Актер сондай-ақ «Эмми» және «Тони» сыйлықтарына ұсынылған, ал 2010 жылы Лир патшасы рөлі үшін Хелен Хейс сыйлығын алды.
1984 жылы Кичті Лондондағы Хитроу әуежайында кокаин ұстағаны үшін ұстаған. Ол кінәсін мойындап, алты ай түрмеде отырды. Кейін актер бұл кезең өміріндегі ең ауыр шақ болғанын айтқан.
Кичтің артында жұбайы, ұлы Шеннон, қызы Каролина және інісі Джеймс қалды.


