Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Онда қазақстандық спортшылар түрлі динамика көрсетті: Александр Бублик өз орнын сақтап қалса, Александр Шевченко мен Тимофей Скатов тізімдегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігі өзгерген жоқ. Көш басында әлі де Германия өкілі Александр Зверев тұр. Екінші орында италиялық Янник Синнер, ал үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндеп отыр.
Алғашқы ондықта өзгерістер болды. Америкалық теннисші Тейлор Фритц 12-орыннан көтеріліп, топ-10 қатарына енді. Ал испаниялық Рафаэль Ходар бір позиция жоғалтып, оныншы орыннан 11-орынға түсті. Сербиялық Новак Джокович те бір орын жоғалтып, қазір 12-позицияда тұр.
Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик әлемдік рейтингтегі 26-орнын сақтап қалды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко өз позициясын бір сатыға жақсартып, қазір 107-орында тұр.
Тимофей Скатов та оң динамика көрсетті. Қазақстандық теннисші бірден төрт позицияға көтеріліп, ATP рейтингінің 197-орнына жайғасты.


