Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жетінші саммиті аясында Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшылары Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығын өзекті бағыттар бойынша дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға баса назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтың сәуірдегі Астанаға сапары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
Израиль президенті өз кезегінде Қазақстанға жасаған сапарын жылы лебізбен еске алды. Оның пікірінше, республиканың көптеген саладағы ілгерілеуі екіжақты ынтымақтастыққа кең мүмкіндіктер ашады.
Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаны бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған маңызды үлес деп атады.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі туралы ұстанымының өзгермейтінін растады.


