Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойып, марапатталғандардың республика алдындағы еңбегін атап өтті. Салтанатты рәсім Ақордада өтті.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Астана қаласындағы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Құрманбайұлы Шерубайға берілді.

«Ел бірлігі» орденімен Астана қаласындағы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов марапатталды.

«Құрмет» орденін Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің әншісі Эльдана Александровна Габерман; Алматы қаласындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы Анна Александровна Данченко; Алматы қаласындағы «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері Жамал Айтқалиқызы Манкеева; сол институттың бас ғылыми қызметкері Қыздархан Құрмашқызы Рысберген иеленді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Кустовка негізгі мектебі» КММ мұғалімі Максим Александрович Кузнецов; Астана қаласындағы «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті Ержан Бейсембекұлы Әубәкіров; Астана қаласындағы «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері Бекзада Пәкізадаұлы Әбілқасымов; Астана қаласындағы «BMG UpSkill» компаниясы жобасының жетекшісі Анар Құрманжан марапатталды.

«Шапағат» медалі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі Евгений Анатольевич Кравчукке; Көкшетау қаласындағы қазақ тілі оқытушысы Юлия Николаевна Лагуткинаға; Қостанай облысындағы Qostanai TV телеарнасының редакторы Анель Витальевна Пимичеваға; Қостанай облысындағы музыкант, әнші Александр Игоревич Фроловқа тапсырылды.