XX жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшылар мемлекеттік наградаларға ие болды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақорданың мәліметінше, марапатталғандар қатарында велоспорт, каратэ, қылышсерілік, академиялық есу, паравелоспорт, паражүзу, парадзюдо, тхэквондо және аралас жекпе-жек түрлерінен алтын медаль иеленген спортшылар бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа 2026 жылғы 9 қарашада қол қойылды.
«Парасат» орденімен Астанадан шыққан, каратэден алтын медаль жеңіп алған Софья Берульцева марапатталды.
«Құрмет» орденін бес спортшы иеленді. Луценко Алексей Александрович — тас жол велоспортынан жеке және топтық есепте екі алтын медаль иегері, Астана қаласы. Проходов Кирилл Дмитриевич — қылышсеріліктен командалық сайыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы. Сертай Ерлік Асқарұлы — қылышсеріліктен командалық сайыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы. Чернухин Иван Сергеевич — академиялық есуден жұптық сайыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы. Яковлев Владислав Павлович — академиялық есуден жұптық сайыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы.
Тағы 13 спортшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы — каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы. Буркуталин Еркінғали Аманғалиұлы — аралас жекпе-жектен алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы. Ермуханбет Наиль Мадьярұлы — паравелоспорттан ерлер арасында жеке уақыт сыны мен тас жол жарысында екі алтын медаль иегері, Астана қаласы. Калаус Анастасия Андреевна — паравелоспорттан әйелдер арасында жеке уақыт сыны мен тас жол жарысында екі алтын медаль иегері, Астана қаласы. Кенжебек Диас Ерболатұлы — паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы. Кулмурза Бексултан Нұрланұлы — парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы. Нұрмаханұлы Ибрагим — парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы. Сеилбекова Ақтолқын Елтайқызы — парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы. Сұлтанова Рината Станиславовна — 24 км жеке тас жол веложарысының алтын медаль иегері, Астана қаласы. Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы — жеңіл атлетикадан марафон жүгірісінің қатысушысы, Астана қаласы. Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы — тхэквондодан алтын медаль иегері, Астана қаласы. Шарлаимов Вадим Вадимович — командалық қылышсеріліктен алтын медаль иегері, Астана қаласы. Шинбаев Қадырбек Айбекұлы — аралас жекпе-жектен алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы.


