Жеті бала тәрбиелеп отырған қазақстандық әнші әрі ән авторы Төреғали Төреәлі 34 жасқа толуын ең жақын адамдарының ортасында атап өтті. Мерейтой иесіне арнап фотозона орнатылып, мол дастархан жайылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жанкүйерлер әртісТІ «Ұлы дала баласы» деп атайды. Әншінің үйінде мерекеге қалай дайындалғанын оның қарындасы Дина Төреәлі әңгімелеп берді. Мерейтой иесіне арнап қонақтар шақырылып, мол дастархан жайылды, сәнді фотозона орнатылды, ал әкесі ұлына сый ретінде ән дайындады.

Алайда Төреғалидың туған күнін тойлау түн ортасында басталып кеткен. Әртіс шам қондырылған тортты үрлеп өшіріп, туыстарынан сыйлықтар алды. Сүйікті әкелері үшін балалары да аянбады — кішкентайлары өз қолдарымен қымбат сый дайындады.

Төреғали Төреәліге әлеуметтік желідегі жанкүйерлері де жылы лебіздерін білдірді. «Әдемі отбасы, үйлеріңізге тек бақыт орнасын», «Жүз жасқа дейін өмір сүріңіз», «Сүйікті әнші», «Туған күніңізбен, біздің Төреш!» — делінген пікірлерде. Бұған дейін Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бірлескен трек шығарған болатын.