Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыс Республикашылдар партиясына Конгреске өткен аралық сайлауда жеңіс әкелмегенін мойындады. Алайда ол бұл соғысты ақталған деп атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін АҚШ вице-президенті Вэнс Республикашылдардың Конгреске өткен аралық сайлаудағы жеңілісінің басты себебі — дәл осы Иранмен қақтығыс болғанын мәлімдеген. Ақ үй басшысы вице-президенттің пікірімен келісті.

«Меніңше, бұл көбінесе рас, өйткені бұл (Иранмен қақтығыс – ред. еск.) бензин бағасын аз уақытқа көтерді, сірә, себеп те осы шығар. Бірақ сонымен бірге, егер мұны қайтадан жасауға мүмкіндігім болса, дәл солай істеуге тура келер еді», — деді Трамп.

Ол сонымен қатар соғысты ақталған деп санайды.

«Мен мұнай әлдеқайда қымбаттайды деп ойлағанмын, солай болжағанмын. Бізде таңдау жоқ еді, мұны істеуге тиіс болдық. Иранның ядролық қару алуына жол беруге болмайды», — деді Ақ үй басшысы.