АҚШ президенті Дональд Трамп Миннесота штатын сомалилік иммигранттар «басып алды» деп мәлімдеп, жергілікті тұрғындарды оларға тойтарыс беруге шақырды және федералдық үкімет қолдау көрсететінін уәде етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бір кездері ұлы Миннесота штатын сомалилік иммигранттар басып алып барады. Бүкіл штатта зорлық-зомбылық, кісі өлтіру және хаос үстемдік құруда. Миннесота тұрғындары тойтарыс беруі керек. Сіздерді тонады, ал штат билігі сіздерді тағдыр тәлкегіне тастады. Сіздердің губернаторларың — араласқысы келмейтін қабілетсіз ұры. Ол тек штаттан кетіп, қолы жеткенінше ұрлап алып, тыныш өмір сүргісі келеді», — деді Трамп.

Ол сондай-ақ жергілікті тұрғындарға федералдық үкіметтің көмек көрсететінін уәде етті.

«Сомалиліктерге өздері жасап жүргендерін жазасыз қалдыруға болмайды. Олар сіздерді әлсіз әрі ақымақ адамдар деп санайды. Тойтарыс беріңдер, Миннесота тұрғындары, тойтарыс беріңдер! Қажет болса, федералдық үкімет сіздерге көмекке келеді», — деді Ақ үй басшысы.