АҚШ президенті Дональд Трамп «мистер Вето» деген атауға келісетінін мәлімдеді. Егер демократтар Конгресс сайлауында жеңіске жетсе, олардың заңнамалық бастамаларын бұғаттауды көздеп отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Дауыс беру учаскелері жабылар алдында CBS News телеарнасына телефон арқылы сұхбат берген Ақ үй басшысы демократтар жеңіске жеткен жағдайда Конгресстің алдағы екі жылдағы жұмысын қалай елестететінін айтып берді. «Менің абсолютті билігім бар — ол «вето» деп аталады», — деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, қажет болса, демократтардың заңнамалық бастамаларына вето қоюға дайын. Егер демократтар Өкілдер палатасында немесе Сенатта көпшілікке қол жеткізсе, оларға қатысты ұстанымын сипаттайтын «мистер Вето» деген атауды қуана қабылдайды.

Бұған дейін Трамп сайлау нәтижелері мен Конгресстің келер жылғы құрамына қарамастан, алдағы екі жылда өз күн тәртібін ілгерілетуге қабілетті екеніне сенімді екенін мәлімдеген.

Еске салайық, 4 қарашада таңертең АҚШ-тың бірқатар штатында Конгресс сайлауына дауыс беру учаскелері жабылды. Демократтар дәстүрлі түрде республикашылдар бақылайтын округтерде де алда келе жатқаны хабарланды.