АҚШ президенті Дональд Трамп Атлант немесе Тынық мұхитына өз есімімен не америкалықтарға қатысты жаңа атау беру бастамасын көтерді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақ үй басшысының ойынша, мұхиттардың бірі «Трамп мұхиты» немесе «Америкалықтар мұхиты» деп аталуы мүмкін.

«Бізге мұхит керек. Мен Атлант немесе Тынық туралы ойладым. Оны Трамп мұхиты немесе Америкалықтар мұхиты деп атауға болады, бірдеңе осылай», — деді президент.

Бұған дейін Трамп Американың федералдық құжаттарында Мексика шығанағының орнына «Америка шығанағы» атауын қолдануға бұйрық берген, ал тамызда Онтарио көлін «Америка көлі» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған. Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Жаңа Америка» және Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп өзгертуді ұсынған.

Әзірге мұхит туралы ұсыныс Трамптың мәлімдемесі болып қала береді — ол атауды өзгерту туралы ешқандай жарлыққа қол қойған жоқ. Вашингтон жаңа атауды американдық мемлекеттік органдар үшін енгізсе де, бұл басқа елдерді немесе халықаралық ұйымдарды Атлант немесе Тынық мұхиты деген атаулардан бас тартуға міндеттемейді.