АҚШ Украина мен Ресей арасындағы гуманитарлық келісімдерді кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Херсон облысындағы Олешкиден адамдарды сәтті шығарғаннан кейін мәлім болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Агенттік Fox News телеарнасының сюжетіне сілтеме жасап хабарлағандай, Ақ үй басшысы Олешкидегі гуманитарлық операцияның нәтижесіне пікір білдірді.

«Бұл керемет болды. Бұл — бітім еді. Адамдарды қалалар мен елді мекендерден шығарды, бұл олардың өмірін сақтап қалған болуы мүмкін. Қазір біз осының ауқымдырақ нұсқасын жасауға кірістік», — деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті бірінші ханым Мелания Трамптың Мәскеу мен Киев арасындағы қатынастарды реттеу жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Бұған дейін Мелания Трамп Ресей мен Украина Рождестводан бұрын жаңа бітімге қол жеткізе алатынын айтқан еді.

Еске салайық, 23 қазанда Мелания Трамп Ресей мен Украина арасында Алешкиде гуманитарлық операция жүргізу үшін ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеген. Кейін ол Алешкидегі гуманитарлық миссия туралы әңгімелеп, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың тезірек аяқталуын тіледі.

Қараша айының басында Америка көшбасшысының жұбайы Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіп, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге жеке хабарламалар жеткізді.