Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеу перспективасы туралы тағы да пікір білдіріп, ол жақын арада шешілетінін атап өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс онша алыс емес болашақта аяқталады деп ойлаймын», — деп келтіреді оның сөзін РИА Новости агенттігі. Бұл мәлімдеме Мар-а-Лаго имениесінде журналистермен әңгіме барысында айтылды.
Айта кетейік, өткен аптада Ослода Владимир Зеленский, Финляндия президенті Александр Стубб, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре және АҚШ-тың арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысқан кездесу өтті. Келесі күні-ақ американдық келіссөзші Петербургке аттанып, онда Владимир Путинге украин қақтығысын шешу тәсілдері жазылған құжаттарды ұсынды.
Ресей президенті өз кезегінде Уиткоффқа Мәскеудің Вашингтон мен Киев қатысатын үшжақты форматтағы консультацияларды жаңғыртуға дайын екенін жеткізді.
Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Абу-Дабиде жоспарланған кездесуде тараптар Ресей мен Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайды. Кездесу күні туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.
Бұған дейін Кремль Ресейдің Украинамен бейбітшілік туралы ұстанымын белгілеген еді. Сол кезде Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу «болашақ ұрпақ үшін ұзақмерзімді бейбітшілікті» қалайтынын мәлімдеген болатын.


