Винсент Ван Гогтің «Chataigniers en fleurs» («Гүлдеген каштандар») картинасы Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында 190,4 млн долларға сатылып, суретшінің туындылары үшін жаңа аукциондық рекорд орнатты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Картина 1890 жылы Францияның Овер-сюр-Уаз қалашығында салынған. Сатылым неміс баспагері Самуэль Фишердің мұрагерлерімен дауға ұласты. Ол туындыны 1909 жылы сатып алған, ал отбасы картинаны 1936 жылы сатқан.

Баспагердің ұрпақтары мәміле нацистік режимнің қудалауынан туындаған қаржылық шығындарға байланысты жасалды деп мәлімдеген. Сауда-саттыққа бір күн қалғанда Sotheby's картинаның қазіргі иелері Фишердің барлық заңды мұрагерлерімен келісімге келгенін хабарлады.

Бұған дейінгі рекорд «Серви ағаштары бар бақ» картинасына тиесілі еді. Ол 2022 жылы 117,2 млн долларға сатылған.