Украина президенті Владимир Зеленскийге Вильгельм Лейшнер медалі — неміс Гессен жерінің жоғары наградасы берілді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

NUR.KZ-тің DW-ге сілтеме жасап хабарлауынша, Гессен билігі осылайша «Украинаның аумақтық тұтастығы, бостандық пен демократия үшін тынымсыз күресті» атап өтуді жөн көрген.

Медаль Гессен конституциясы күніне орайластырылып беріледі, ол 1 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл оны Владимир Зеленскийге беруге шешім қабылданды. Бұл туралы Гессен премьер-министрі Борис Райн мәлімдеді.

Ол сондай-ақ бұл награда бүкіл украин халқына арналғанын қосты.

Вильгельм Лейшнер медалі Украина президентіне Германияда берілген алғашқы награда емес екені атап өтіледі. 2023 жылдың мамырында Ахенде оған және украин халқына Карл Ұлы атындағы халықаралық сыйлық берілген.

Ал биылғы ақпанда Зеленский Мюнхендегі 62-ші халықаралық қауіпсіздік конференциясында (MSC) Эвальд фон Клейст атындағы сыйлықты алды.

Басылым жазғанындай, Вильгельм Лейшнер — неміс Қарсылық қозғалысының қатысушысы, ол 1944 жылдың 20 шілдесінде Адольф Гитлерге жасалған сәтсіз қастандықтан кейін өлім жазасына кесілген.