Жамбыл облысында сотталған адамнан жәбірленушіні емдеуге мемлекет жұмсаған шығын өндірілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram-арнасында мәлім болғандай, Талас аудандық соты аудан прокурорының жергілікті тұрғыннан қылмыс салдарынан жәбірленушіні емдеуге мемлекет кеткен шығынды өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
2026 жылғы ақпанда Жуалы аудандық сотының үкімімен ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды. Жанжал барысында ол танысына пышақ жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алды, оның ішінде өкпені зақымдаған, асқынуларға әкеп соққан кеуде қуысының тесіп өтетін жарақаты болды. Бұл шұғыл хирургиялық араласуды және стационарлық емдеуді қажет етті.
Зардап шеккен адамды емдеуге мемлекет қаражатынан 436 мың теңге жұмсалған.
Бұл шығын сотталған адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен туындағандықтан, прокурор сотқа жүгінді.
Іс материалдары мен ұсынылған дәлелдерді зерделеген сот қойылған талаптардың негізділігі туралы қорытындыға келіп, талапты қанағаттандырды.
Жауапкерден мемлекет пайдасына 436 мың теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.


