Алтын Орда өзінің тарихи дәуіріндегі дамыған және өркениетті мемлекет болды
Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт ашылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алтын Орданың дүниежүзілік тарихтағы рөліне арналған «Ұлы Ұлыс - Алтын Орда: шығу тегі, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.

