Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
1 мамырдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

 

1. Жедел жәрдем ережесі өзгереді
▪️ 4-санаттағы шақыртулар (жоғары қысым, дене қызуы, жеңіл жарақаттар) 08:00–20:00 аралығында емхана жанындағы мобильді бригадаларға беріледі.
▪️ 20:00-ден кейін бұл қызметті жедел жәрдем көрсетеді.

2. Әуе кеңістігі уақытша жабылады
▪️ 22 сәуір – 7 мамыр аралығында Астана мен Алматыда сағат 10:00–13:00 арасында әскери жаттығулар өтеді.
▪️ Бұл рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін.

3. Рейстер кешіксе – жолаушы өтемақы алады
▪️ Мамырда пилоттық сақтандыру жүйесі іске қосылады.
▪️ Кешіккен рейстер үшін сақтандырылған жолаушыларға өтемақы төленеді.

4. АҚШ визасына қатысты өзгеріс
▪️ 2 мамырдан бастап DS-160 формасын сұхбаттан 3 күн бұрын, сағат 17:00-ге дейін тапсыру қажет.

5. Мамыр айындағы демалыстар
▪️ 1 мамыр – Бірлік күні
▪️ 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
▪️ 9 мамыр – Жеңіс күні
▪️ 5 күндік жұмыс істейтіндер үшін – 12 күн демалыс

6. Skype жұмысы тоқтайды
▪️ Microsoft толықтай Teams-ке көшеді.

7. Алматыда қарызы барларға жарық өшіріледі
▪️ 12 мамырдан бастап төлемі кешіктірілгендерге 07:00–20:00 аралығында жарық берілмейді.

8. Үй кезегіне кез келген азамат тұра алады
▪️ 24 мамырдан бастап 18 жасқа толған, соңғы 5 жылда баспанасы болмағандар kezekte.kz арқылы өтініш бере алады.

9. Мектептерде оқу жылы аяқталады
▪️ 25 мамыр – соңғы қоңырау. Оқушылар жазғы демалысқа шығады.

10. Смартфондарды тіркеу мерзімі аяқталады
▪️ 26 мамырға дейін IMEI-код бойынша тіркеу міндетті.

11. Жаңа халықаралық рейстер ашылады
SCAT:
▪️ 27–30 мамыр – Шымкенттен Будапешт, Мюнхен, Шанхай, Сеул, Каир, Сиань, Үрімжіге рейстер.
Air Astana:
▪️ 14–31 мамыр – Астана–Дананг, Атырау–Тбилиси/Баку, Алматы–Ош бағыттары.
Qazaq Air:
▪️ 1 мамыр – Астана–Түркістан–Самарқанд.
Fly Arystan:
▪️ 18 мамыр – Алматы–Инин (Қытай).

Бірлік күні құтты болсын, ағайын!

 

You Might Also Like

Новости

Реклама