Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

 

АСТАНА. Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов биылғы оқу жылына бөлінген гранттар мен шәкіртақы мөлшеріне қатысты мәлімет берді. Оның айтуынша, 2024-2025 оқу жылында 93 116 грант бөлінген. Оның ішінде 77 084 – бакалавриатқа, 13 113 – магистратураға, 2 919 – докторантураға тиесілі.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы көлемі артатыны хабарланды. Жаңа мөлшер бойынша:

  • Бакалавриат – 52 372 теңге,
  • Магистратура – 117 098 теңге,
  • Докторантура – 262 500 теңге.

– Бұл сандар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары. Атап айтқанда, бакалавр шәкіртақысы екі есеге, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есеге көбейіп отыр, – деді вице-министр.

Сондай-ақ жатақханадағы орын тапшылығының азайғаны айтылды. Егер 2019 жылы 82 500 студент жатақханаға зәру болса, биыл бұл көрсеткіш 14 873 орынға дейін қысқарған.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама