Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға ғарыш туралы жан - жақты білім беру. Соның ішінде күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін, галактика неден тұратынын, ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылығын шыңдай түсу.
б) тәрбиелігі: оқушыларды зерделілікке, ынтымақтастыққа, ізденімпаздыққа, таланттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, түртіп алу,
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, музыка, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кітаптар, « Балдырған» журналдары
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Аспан – аспан арайлым
Қызыға саған қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
II. Жаңа сабақ
Жаңа тарау « Жер – ғарыш денесі» деп аталатын тараудан жер, ай, ғарыш, ғаламшар, күн мен түннің ауысуы туралы оқып білеміз.
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдызды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жұлдыз – газдан тұратын аспан денесі (1 - слайд)
Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Күн, ай, жер – ғарыштық денелер. (2 - слайд) Күнді 9 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады. Ғаламшарлар -«адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар - өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік.(3 - слайд)
Күн және оны айналып жұретін ғаламшарлар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі – әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық аспан денелерінің бір - бірінен қашықтығын км өлшеу мүмкін емес. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығыбірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен тарайды. Күннен жерге 8 минуттан астам уақытта жетеді.
Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: (4 - слайд)
Жұлдыздық жүйелер – галактикалар;
Олардың аралықтарында бос кеңестіктер;
Әлемдік шаң – тозаңмен газ шоғырлары;
Әлемнің түкпір – түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер.
Жер шары Күн жүйесі Галактика Галактикалар тобы Әлем (Ғарыш)
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе ғарыш деп аталады./5 - слайд/
Ғарышты зерттеу / 6 - слайд/
Алғаш рет ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда жердің жасанды серігі ұшырылды. Қазір ғарышта жерді айналып жүздеген жер серіктері ұшып жүр.
Пайдасы:
- Аспандағы бұлттың қозғалысын бақылайды;
- сол бойынша мамандар ауа - райын болжай алады;
- алып мұхиттарда жүзіп жүрген үлкен - үлкен кемелерді қадағалайды, олар апатқа ұшырай қалса, солардан шыққан белгіні қабылдап, оны жерге хабарлайды;
- телефон, теледидар хабарлары жер серік арқылы таралады;
- қазба байлықты табуға көмектеседі.
Ғарышқа сапар / 7слайд/
- 1961 жылы 12 сәуір Ю. А. Гагарин
- 1991 жылы 2 қазан Т. О. Әубәкіров
- 1994 жылдан бастап 3 рет Т. Мұсабаев ғарышқа ұшты.
- 2015 жылғы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов ұшты.
2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты. Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті экспедиция ұшырылды. Экипаж құрамында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.
III « Түртіп ал!»
Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш
Ғаламшар - адасушы жұлдыз.
Күн жүйесі - Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.
Әлем немесе Ғарыш - Жерді қоршаған бүкіл дүние.
Галактика - миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.
IV Ертегілер әлемі. «Көңілді ғарыш әткеншегі»
V «Сен білесің бе?»
1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады?
2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер?
3. Жердің серігін ата.
4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады?
5. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?
6. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды?
7. Қазақ ғарышкерлерін ата.
8. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады
Ғарыш дегеніміз не? жүктеу
12 сәуір – Ғарыш күні қосымша қарау
12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған. Ғарыш дегеніміз не?
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
5 марта 2024 г.1645 просмотров

#ғарыш#аспан денелері#галактика#ғарыш денесі#сценарий 12 сәуір ғарышкерлер күні#ғарыш туралы
Рекомендуем
Новый дуэт: Жигер Ауыпбаев и его на 15 лет младшая жена удивили всех своим талантом (ВИДЕО)
Певец Жигер Ауыпбаев показал, как его жена Мумина, которая на 15 лет младше, играет на домбре. Артист удивлен талантом супруги, а пользователи Сети в восторге.
4 мин назад
Испания стала первым финалистом ЧМ-2026 по футболу
Сборная Испании разгромила Францию 2:0 в полуфинале ЧМ-2026 и стала первым финалистом. Голы забили Оярсабаль и Порро. Финал 20 июля с победителем пары Англия-Аргентина.
24 мин назад
«Соучастники». Специальный репортаж из села, в котором муж сжёг дом с женой и детьми
В ночь на 9 апреля 2020 года в поселке Актау сгорел дом, погибли женщина и две девочки. Подозреваемый — муж и отец. Репортаж о трагедии.
1 ч назад
← НазадИсточник: bilimdiler.kz

