Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 27 апр. 2026 12:30
- 71
2000 теңгелік банкноттар Қазақстанда қолданыстан шығарылады
Қазақстан Ұлттық банкі ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі жақындап қалғанын хабарлады. Бұл өзгерістерге байланысты азаматтардың қалтасындағы ақшаның құнына не әсер етеді және оларды қалай ауыстыруға болады?
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2000 және 10 000 теңгелік купюралар
Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттарды қолдану мерзімі 2026 жылдың 24 маусымында аяқталады. Ұлттық банк мәліметінше, бұл купюралар 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2026 жылдың 24 маусымына дейінгі кезеңде параллель айналымда болады.
Ал 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттар айналымнан шығарылатын мерзім бір жылға ұзартылып, 2027 жылдың маусымына дейін жалғасады.
2026 жылдың маусымынан кейін 2000 теңгені қайдан айырбастауға болады?
Егер азаматтар ескі банкноттарды мерзімі біткенше жұмсай алмаса, оларды банктер мен «Қазпошта» АҚ арқылы жаңа үлгідегі купюраларға ауыстыра алады. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін де 3 жыл бойы жалғасады. Ал Ұлттық банктің филиалдарында бұл айырбасты мерзімсіз жүргізуге болады.
Регулятор барлық кәсіпкерлерге аталған мерзімдерге дейін екі үлгідегі купюраларды қабылдау міндетті екенін ескертті.
Неліктен ескі купюралар айналымнан шығарылады?
Ұлттық банк «Сак стилі» атты жаңа банкноттар сериясын кезең-кезеңімен айналымға енгізіп жатқанын түсіндірді. Жаңа купюралар енгізілген уақытта ескі және жаңа банкноттардың қатар айналымда болу кезеңі белгіленеді. Бұл халық пен бизнес үшін жаңа банкноттарға көшуді жеңілдетуге бағытталған.