Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
2,5 миллиард теңгеге әскери парад ұйымдастырылды, бірақ сарбаздар палаткада жатыр

Астанадағы «Жеңістің» 80 жылдығына арналған әскери парадқа 2,5 миллиард теңге бөлінді. Қорғаныс министрінің орынбасары осы қаражаттың сарбаздардың іс-сапар шығындарына, тамақтандыруына жұмсалатынын айтқанымен, әлеуметтік желілерде парадқа қатысқан сарбаздардың палаткада түнеп жатқанын көрсеткен видео тарады.

Желі қолданушылары Астананың түнгі суықтығын ескере отырып, сарбаздардың жайсыз жағдайы туралы пікір білдіріп жатыр. «Олардың денсаулығына қауіп төнуде», «Сарбаздар үшін жағдай жасалмаған», «Генералдарды палаткаға орналастыру керек» деп жазғандар да көп.

Айта кету керек, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери парадтар өтпеген болатын. Биылғы жылы ғана билік бұл шараны өткізу туралы шешім қабылдады.

You Might Also Like

Новости

Реклама