Photo: Bulat843 🌙 (https://www.pexels.com/@bulat843-1243575272) / Pexels
- 01 мая 2026 11:00
- 38
Абай Бегейдің келіні хиджабын шешкенде, енесі не деді?
Әнші Абай Бегейдің 16 жаста тұрмысқа шыққан қызы Сымбаттың хиджабын шешіп, шашын жайып түскен жаңа клипі желіде қызу талқыға түсті. Алайда, оның енесі Ақмарал құдағи келінін қолдап, жазба жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келініне қолдау көрсеткен ене
Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбаттың хиджабын шешіп, шашын жайып шыққан кейпі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскенде, оның енесі Ақмарал құдағи келінін қолдап, арнайы жазба жариялады. Ол өз парақшасында:
"БОТАҚАНЫМНЫҢ ДЕБЮТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРСІН!
Бүгін ЖАҢА КЛИП шықты. Тамаша!
ҚҰДАМЫЗДЫ, ҚҰДАШАЛАРЫМЫЗДЫ ДА ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Өте керемет шыққан.
БҰЛ ТЕК ҚАНА БАСЫ. Менің Ботақанымның жетер жетістігі әлі алда. Потенциалы жетеді.
Биіктерден көрініп, жетістіктерге жете бер жаным! Тіл-көзден аман бол.
Біз сені әрқашанда қолдаймыз! Қорғаймыз! Мақтанамыз!
Сіздер де менің Ботақаныма қолдау ретінде күшті, керемет, мотивациялық тілектеріңізді жазып кетіңіздерші. Әлі кішкентай ғой. Бұндай кезде тек қолдау керек. Болашағы жарқын болсын!" деп ақжарма тілегін жаудырып, жұрттың ықыласына бөленді.
-
The mother-in-law of singer Abai Begei publicly supports her daughter-in-law after her music video featuring the removal of a hijab sparked online debate.