Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
"Адам өледі, ажал қалады": Біржан Хасанғалиев әкесін сағынып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Белгілі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан әкесінің дүниеден озғанына бес жыл толса да, оны сағынып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Ozgeris.info сайты хабарлады.

Өнер иесі әлеуметтік желіде әкесіне арнаған өлең жолдарын бөлісіп, оның орны әлі де толмайтынын жеткізді.

«Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мәңгі тіршілік
Мазамды алады…», - деп жазды Біржан Хасанғалиев.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, Ескендір Хасанғалиевтің қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ескендір Хасанғалиев қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі. Оның әндері халық арасында кеңінен танымал болып, бүгінге дейін сүйіспеншілікпен орындалып келеді.

Новости

Реклама