tengrinews.kz
- 17 мая 2026 13:00
- 24
Әлем лидерлері Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай әлемнің көптеген елдерінің басшылары, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлем басшыларынан құттықтаулар
Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани, Италия президенті Серджо Маттарелла, Сербия президенті Александр Вучич, Молдова президенті Майя Санду, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Словения президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасы президенті Ли Чжэ Мён, Мьянма президенті Мин Аун Хлайн, Палестина президенті Махмуд Аббас, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев және басқа да көптеген мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебіздерін білдірді.
Қоғам қайраткерлері мен азаматтар да құттықтады
Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне беделді саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен еліміздің азаматтары да өздерінің ізгі тілектерін жолдады. Құттықтаулар әлі де келіп түсуде.