Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
"Аллаға мың шүкірлер": Мақпал Жүнісованың екі концерті де толық сатылды

Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық жеткізді. Ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыдағы Республика сарайында өтетін екі бірдей жеке концертінің билеттері толық сатылып кеткенін мәлімдеді.

Бұл жағымды жаңалықты әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдармандарына алғыс айтты. «Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, әншінің концерттерін асыға күтетіндерін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мақпал Жүнісованың өнер жолы

Мақпал Мұхамедиярқызы – қазақ эстрадасының көрнекті тұлғаларының бірі. 1963 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1981 жылдан бері «Қазақконцерт» бірлестігінің солисі ретінде сахнада.

Ол көптеген халықаралық байқаулардың бас жүлдесін иеленген. 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 31 жасында Қазақстанның Халық әртісі атағын алған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген өнер иесі – профессор, мемлекеттік және халықаралық марапаттардың иегері. Ол қазақ эстрадасында лирикалық сопрано даусымен, халық әндері, романс және джаз бағытындағы әндерімен танымал.

Бүгінде «Қазақ эстрадасының примадоннасы», «Орта Азия бұлбұлы» атанған әншінің концерттеріне деген жоғары сұраныс – оның ел алдындағы беделі мен ұзақ жылғы еңбегінің айғағы.

Новости

Реклама