depositphotos.com
- 09 апр. 2026 21:00
- 38
Алматыда 100-ге жуық көппәтерлі үй бұзылады
Алматыда биыл 95 көппәтерлі үй бұзылады. Бұл шаралар тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында атқарылады. Бағдарлама аяқталғанша барлығы 1403 ескі үйді жермен-жексен ету жоспарланған. Ондағы 7500 пәтер иесі басқа жерге көшіріледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама не үшін қажет?
Тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы Алматының ескі үйлерін жаңарту мақсатында әзірленген. Негізінен, бұл каркас-қамыс үйлерді бұзып, оның орнына заманауи көпқабатты үйлер салуды көздейді. Бағдарламаны әзірлеген – Алматы қаласының әкімдігі, әкімшісі – «СПК «Алматы» АҚ, ал жауапты ұйым – «Almaty Renovation» ЖШС.
«Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, қаланың сәулеттік келбеті жаңарады, ал тұрғындар қауіпсіз әрі заманауи баспанаға ие болады», – деді «Almaty Renovation» бас директоры Еркебұлан Усманбаев.
Бұзылатын үйлердің тұрғындары не алады?
Тұрғын үйді бұзу тек 100 пайыз тұрғындардың келісімімен ғана жүзеге асады. Бұл мемлекеттік қажеттілікке байланысты бұзу емес.
Егер келісім алынса, пәтер иелеріне «бөлме үшін бөлме» есебімен баспана берілуі тиіс. Көбінесе бұл жағдайда адамдар алаңы кеңірек үйге ие болады, себебі бұрынғы құрылыс нормалары бойынша бөлмелердің өлшемі әлдеқайда кіші болған.
Арнайы қажеттіліктері бар алматылықтар бағдарлама бойынша бірінші қабаттардағы лифті мен пандустары бар үйлерден баспана ала алады.
Жаңа баспаналардың барлығы таза әрлеумен беріледі. Сонымен қатар, пәтерде сантехника, газ немесе электр плиталары орнатылып, өрт қауіпсіздік жүйесі жұмыс істеуі тиіс.
Егер қоныс аударушыларға ұсынылған нұсқалар ұнамаса, олардың үйлері нарықтық бағамен сатып алынады.
«Ұсынылған нұсқалардан бас тартқан жағдайда, меншік иелері ескі үйде қалу құқығын сақтайды, алайда тұрудың ықтимал тәуекелдері үшін өздері жауапты болады», – делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кімдер көшірілді?
Биылғы бірінші тоқсанда 204 алматылық көшірілді. Көшірілгендердің ең көбі Түрксіб ауданында – 126 адам, ал ең азы Алмалы ауданында – бір адам.
Реновация бойынша статистика: