Турар Казангапов
- 25 апр. 2026 04:00
- 22
Алматыда айыппұл, салық және алимент төлемеушілерді ұстай бастады
Алматыда алимент, айыппұл және салық төлемеген азаматтарды анықтауға бағытталған «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы басталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.
Шара екі күн бойы жүргізіліп, нәтижесінде борышкерлердің 10-нан астам көлігі арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асатын айыппұл қарызы бар тұлғалар ұсталды.
«Борышкер» шарасының мақсаты
Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы жауапкершіліктен құтылу мүмкін еместігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір азамат өзінің қаржылық міндеттемелерін, яғни айыппұл, салық немесе алиментті уақытылы орындауға тиіс. Одан бас тартқан жағдайда, көліктерді арнайы тұраққа қоюға дейінгі мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.