Последнее обновление

(Время обновление 10 минут назад)
Алматыда екі күн бойы нөсер жаңбыр жауады: коммуналдық қызметтер дайындық үстінде

Алматы қаласының коммуналдық қызметтері алдағы екі күнде күтілетін қатты жаңбырға байланысты жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің мәліметіне сүйеніп, Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 16 сәуірде Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі. Сағат 16:00-ден бастап 17 миллиметрге дейін нөсер жаңбыр, найзағай және секундына 15-18 метрге дейін жел соғады деп болжануда. Күндіз ауа температурасы +17…+19 градус жылы болады.

17 сәуірде сағат 11:00-ден тәулік соңына дейін 12 миллиметрге дейін қатты жаңбыр, найзағай және желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтіледі. Түнде температура +8…+10 градусқа дейін төмендесе, күндіз +11…+13 градус болады.

Коммуналдық қызметтердің дайындығы

Қалалық инфрақұрылымды басқару және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ақпараты бойынша, қалада «Алматы тазалық» МҚК және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте болады. Жедел әрекет ету үшін 104 арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 илосос машинасы жұмылдырылған. Оның тоғызы су басуы мүмкін аймақтарда орналастырылған.

425 жол жұмысшысынан тұратын 75 жедел бригада құрылды. 2300 қап құм дайындалды. Жол қызметтерінің жалпы тәуліктік шығымы 2710 адамды құрайды.

Қосымша Алматы қалалық құтқару қызметі кезекшілік етеді. Оның қарамағында 15 мотопомпа және бір илосос машинасы бар.

Төтенше жағдайлар департаменті бойынша 53 техника және 240 қызметкер жұмылдырылды.

Новости

Реклама