Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Алматыда мектептен кейін үйіне оралмаған оқушы қызды іздестіруде

Алматы облысында 2011 жылы туған Анищенко Мария Степановна есімді оқушы қыз жоғалды. Ол 24 сәуірде үйінен шығып кеткеннен бері хабарсыз.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еріктілер мен іздестіру топтары қызды табуға жұмылдырылды. Оның соңғы рет 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы, Есік саяжайлары, Виноградная көшесі, 15-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткені анықталды.

Жоғалған қыздың сипаттамасы

Бойы: 160-165 см

Дене бітімі: арықша

Шашы: қоңыр, каре үлгісінде

Көзі: қоңыр

Ерекше белгілері: сол жақ қасының үстінде тыртығы бар, мұрнында пирсинг бар.

Киген киімі: қара өрнекті ақ худи, ақ футболка, қара трико және сұр кроссовка. Өзімен бірге қара сөмкесі болған.

Новости

Реклама